Хабарландыру

Хабарландыру

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығы негізінде Ұлытау облысы құрылды.

Алайда, осы уақытқа дейін «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ Қарағанды облысы мен Ұлытау облысы бойынша келесідей мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

  1. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру;
  2. III санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру;
  3. II санаттағы объектілерге әсер етуге экологиялық рұқсат беру;
  4. Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру (аң аулауға, ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық мақсаттарда, сондай-ақ эпизоотияны алдын-алу мақсатында).

07.10.2022 ж. «Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-сі үшін барлық қажетті техникалық қосулар жүргізілді.

01.12.2022 жылдан бастап «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы»» ММ Ұлытау облысы үшін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді тоқтатады.

Қарағанды облысының басқармасына 01.12.2022 жылға дейін  келіп түскен мемлекеттік қызметтер Қарағанды облысының басқармасымен көрсетілетін болады.