Қарағанды облысының 15 мектебінде қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылды

Қарағанды облысының 15 мектебінде қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылды

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Бөлу, тапсыру, қайта өңдеу» жобасы аясында Қарағанды мектептерінде қалдықтарды сұрыптау қажеттілігі туралы дәрістер өткізді. Қалдықтарды бөлек жинауға арналған 15 контейнер орнатылды.

Іс-шара өткізілген алғашқы мектеп Әл-Фараби атындағы 102 мектеп-гимназиясы болды. Дәріс ойын түрінде өтті, белсенділік танытқан оқушылар басқармадан экосыйлықтар алды. Осылайша оқушылар қоқысты бөлек жинау, оны қайта өңдеуге тапсыру және қоқысты белгіленген орындарға тастау туралы негізгі білімді қалыптастырды.

Іс-шара «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын іске асыруға бағытталған, оның мақсаты-табиғатқа ұқыпты қарауды қалыптастыру, халықтың экологиялық санасын жаңғырту.

Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы экологиялық сенбіліктерді, облыстың оқу орындары мен қоғамдық орындарында экологиялық өмір салтын қалыптастыра отырып, ақпараттық - түсіндіру бағдарламасын үнемі жүргізеді. Облыс тұрғындарын біздің іс-шараларымызға қосылуға, табиғатты қорғауға, тазалықты сақтауға шақырамыз, бұл ішінара әрқайсымызға байланысты!