Қарағанды облысының аумағында «Ұлытау» ұлттық табиғи паркі құрылды

Қарағанды облысының аумағында «Ұлытау» ұлттық табиғи паркі құрылды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 желтоқсандағы №867 қаулысымен Қарағанды облысының аумағында «Орман мен жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Ұлытау шаруашылығы» КММ базасында «Ұлытау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі құрылды.

Ұлттық табиғи парктің аумағы 58,9 мың гектарды құрайды.

Қасиетті Ұлытау өңірінің табиғи ресурстарын қорғауды және орманды молықтыруды «Орман мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Ұлытау шаруашылығы» КММ-сі жүзеге асырды.

Орталық Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақ ретінде Ұлытау ұлттық паркін құру өңірдің экожүйелерін қалпына келтіру мен сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған және бірегей табиғи кешендерді, Ұлытау тау-дала массивін сақтауға, туристік әлеуеттің өсуін арттыруға қызмет етеді.

2020 жылы 5 га алқапта орман дақылдары және 16,5 мың дана екі жылдық стандартты көшеттер отырғызылды.

2021 жылы 2 га алқапта 6,6 мың дана қайың көшеттері отырғызылды.

КММ аумағында жалпы ауданы 0,63 га болатын 1 уақытша питомник бар.