Күзгі-қысқы аң аулау маусымының ашылуы

Күзгі-қысқы аң аулау маусымының ашылуы

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы бұйрығымен бекітілген аң аулау қағидаларына сәйкес, қыркүйектің бірінші сенбісінен бастап Қарағанды облысының аумағында күзгі-қысқы аң аулау маусымы ашылатынын хабарлайды. Жалпы, ол  2021 жылдың 4 қыркүйегінен 2022 жылдың ақпан айының ортасына дейін созылады, бірақ жануарлардың белгілі бір түрлері үшін мерзімдер әртүрлі болуы мүмкін.

Аң аулау-рұқсат беру құжаты негізінде жүзеге асырылатын жануарлар дүниесін пайдалану түрлерінің бірі.

Аң аулау үшін аңшылар тиісті құжаттарды алуы керек: жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, аңшы куәлігі, аңшылық шаруашылығы субъектісінің жолдамалары. Атыс қаруымен аң аулау кезінде-жеке тұлғаларға азаматтық қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге рұқсат.

Жануарлардың мерзімдері мен түрлеріне сәйкес аң аулауды жүзеге асыруды, жануарлар дүниесінің сирек кездесетін жойылып бара жатқан түрлерінің мекендеу ортасын сақтау және жақсарту мақсатында жануарлар дүниесіне ұқыпты қарауды сұраймыз.

Аң аулау ережелерін, атыс қаруын қолданған кезде қауіпсіздік ережелерін, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұраймыз.

Құжаттар болмаған, аң аулау, сондай-ақ жануарлардың сирек кездесетін түрлерін аулау қағидалары сақталмаған жағдайда, аң аулау браконьерлік ретінде бағаланады, бұл үшін құқық бұзушылар жауапты болады.