Қарағанды облысында эколгиялық акция кезінде үш мың гектарға жуық аумақтан қоқыс жиналды

Қарағанды облысында эколгиялық акция кезінде үш мың гектарға жуық аумақтан қоқыс жиналды

2021 жылғы 24 сәуірде Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы "Таза табиғат" жобасы аясында Қарағанды облысында "Мекенім – жасыл орманым" ағаш отырғызу акциясын бастады. Мемлекеттік орман қоры аумағында 146,58 мың екі жылдық жапырақты ағаш көшеттері және қалалар мен аудандардың елді мекендерінде 9,5 мың ағаш отырғызылды. Акцияға 6 184 адам қатысты.

Бүгін мектеп жанындағы учаскелерінде ағаш отырғызу бойынша "Бұл – менің ағашым" челленджі іске қосылды. 504 мектеп пен 39 колледж аумағында 11 мың оқушы 5,4 мың көшет отырғызды.

Сондай-ақ, "Таза табиғат" жобасы бойынша "Су көздерін ашу, бұлақтарды тазарту" бұлақтар мен суару желілерін тазарту бойынша; "Таза су айдындары" су қоймаларын заңсыз желілерден тазарту және жағалау белдеуін жинау бойынша; "Парктер шеруі" – ұлттық парктерді және басқа да қорғалатын табиғи аумақтарды абаттандыру бойынша; "Бірге таза Қазақстан" - аумақтарды қоқыстан тазарту бойынша акциялары өткізілді.

"Бірге таза Қазақстан" акциясына облыстың 22 мың тұрғыны қатысты.

Бекітілген 111 және бекітілмеген бес су айдынының жағалау жолақтары тұрмыстық қоқыстан тазартылды. "Таза су айдындары" байқауына 6,3 мың адам қатысты.

"Су көздерін ашу, бұлақтарды тазарту" аясында 94 бұлақ тазартылды. Оған 1,2 мың адам қатысты.

Облыстың мемлекеттік ұлттық саябақтарының аумағында ағаштар отырғызылды, балалар сурет байқаулары, аумақтарды абаттандыру бойынша іс-шаралар өткізілді. "Саябақтар шеруіне" 320 адам қатысты.

Аталған акциялар облыстың барлық қалалары мен аудандарында өтті және олар бір айға созылады.