Семинар-кеңес өткізілді

Семинар-кеңес өткізілді

2021 жылдың 24 ақпанында Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» КММ базасында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қарағанды филиалымен бірлесіп «Орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» КММ ведомстволық бағынысты қызметкерлеріне «Ағаш кесу және орман билетін беру» бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Кеңес барысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Қарағанды филиалының бас инженері В.С. Матюшенко «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесін пайдаланушыларға консультациялық қолдау көрсету және клиенттік орынды орнату бойынша түсініктемелер берді.

Басқарма қызметкерлері орман шаруашылығының жауапты мамандарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы ақпараттық жүйе арқылы «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндірді.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша орман шаруашылығы директорларына «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет стандартының және оларды көрсету тәртібін реттейтін басқа да нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын сақтау, сондай-ақ «Е-лицензиялау» АЖ арқылы электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсету үлесін арттыру бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.