КОНКУРСТАРДЫҢ КҮШІН ЖОЮ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА!

КОНКУРСТАРДЫҢ КҮШІН ЖОЮ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА!

«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-сі (Конкурс ұйымдастырушы) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 342 «Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру жөнiнде конкурс өткiзу қағидаларын және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының бекітілуіне және ол аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсты ұйымдастырудың және өткізудің жаңа тәртібін айқындауына байланысты аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 3 (491) «Деловая Заметка» газетінде жарияланған конкурстардың күшін жою туралы хабарлайды.

Аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурстарды өткізу туралы 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 3 (491) «Деловая Заметка» газетінде хабарландыру жарамсыз деп танылсын.