
Мұндай шаралар орман өрттерінің алдын алу және орман қорын сақтау мақсатында қабылданады. Осы кезеңде мемлекеттік орман қоры аумағында болуға тыйым салынып, орман пайдалану құқығы шектеледі.
Белгіленген талаптарды бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. Ал ұлттық парктер мен қорықтар сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда тыйым салынған кезеңде болғаны үшін 100 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Мамандар өрт қаупі жоғары кезеңде орман алқаптарына барудан бас тартып, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.