Іс-шара «Құстарға қамқорлық көрсету – біздің міндет» тақырыбында ұйымдастырылып, оған мектеп әкімшілігі, география және биология пәндерінің мұғалімдері, сондай-ақ 9–10 сынып оқушылары қатысты
Кездесуді Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жануарларды қорғау, сондай-ақ жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.
Кездесу барысында оқушылар құс ұяларын дұрыс жасау жолдарын үйреніп, оларды қауіпсіз әрі тиімді орналастыру тәсілдерімен танысты. Сонымен қатар, Қарағанды облысында мекендейтін құстар туралы жаңа мәліметтер алды.
Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз