Қарағанды облысында жас ағаштарды қорғау жөніндегі іс-шаралар аяқталды

Қарағанды облысында жас ағаштарды қорғау жөніндегі іс-шаралар аяқталды

Жаңа жыл мерекелері кезеңінде Қарағанды облысында жас жапырақты ағаштар мен қылқан жапырақты екпелерді заңсыз кесу мен бүлдірудің алдын алу мақсатында қорғау шаралары күшейтілді.

Қорғау іс-шаралары Қарағанды, Теміртау, Сарань, Абай, Шахтинск қалаларының аумағында, сондай-ақ Осакаров, Бұқар жырау, Қарқаралы және Ақтоғай аудандарының орман алқаптарында жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстар аясында:

  • 18 ақпараттық материал жарияланды;
  • 14 бақылау бекеті ұйымдастырылды;
  • 27 жылжымалы топ жұмылдырылды.

Іс-шаралар нәтижесінде заңсыз ағаш кесудің 1 фактісі анықталып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуден келтірілген залал көлемі 117,9 мың теңгені құрады.

Жасыл қорды сақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз.
Табиғатты аялаңыздар!