
2025 жылғы «Екінші шикізат көшбасшысы – Лидер Вторсырья» байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау өтті. Байқау 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы және «Бөлу, тапсыру, қайта өңдеу!» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – қалдықтарды бөлек жинау мәдениетін дамыту, саланың ашықтығын арттыру, қайта өңдеу көлемін ынталандыру, сондай-ақ өңірдің экологиялық тұрақтылығына күн сайын үлес қосып отырған кәсіпорындарды қолдау.
Байқау қорытындылары бойынша:
І орын — «Вторсырьё Караганда» компаниясы.
Компанияға құнды сыйлық және Байқау Жеңімпазының дипломы табысталды.
Алғыс хат пен арнайы сыйлық
«Қазақстандық қалдықтарды басқару операторы» ЖШС-на
қалдықтарды сұрыптау мен қайта өңдеуді насихаттауға қосқан үлесі және байқауға белсенді қатысқаны үшін табыс етілді.
Қарағанды облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Бақтияр Жұматайұлы Санбаев «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының маңызын атап өтіп, қайта өңдеу саласының өңір экологиясын жақсартудағы рөлі ерекше екенін айтты. Ол қатысушы компанияларға ашықтығы, жауапкершілігі және күнделікті атқарып отырған еңбегі үшін алғыс білдірді.
Біз компанияларға кәсіби жұмысы, экологияны жақсартуға қосқан тұрақты үлесі және қайта өңдеу мәдениетін дамытуға деген ниеті үшін ризашылық білдіреміз.