Мектеп оқушыларына арналған эко-дәрістер: қалдықтарды дұрыс сұрыптау

Мектеп оқушыларына арналған эко-дәрістер: қалдықтарды дұрыс сұрыптау

«Бөлу, тапсыру, қайта өңдеу» жобасы аясында «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ ұйымдастыруымен, қазан-қараша айлары аралығында 30 жалпы білім беретін мектепте, соның ішінде алыс ауылдарда, интерактивті дәрістер мен ашық сабақтар өткізілді.

Эко-дәрістер барысында оқушыларға:

  • қалдықтарды сұрыптаудың негізгі ережелері (қағаз, пластик, әйнек және т.б.);
  • қалдықтардың өмірлік циклі — пайда болуынан қайта өңделуіне дейін;
  • қайта өңдеудің экономика мен қоршаған ортаға қосатын үлесі
    түсіндірілді.

Аталмыш мектептер ішіне қағаз бен пластикке арналған бөлек контейнерлер орнатылды. Дәрістер барысында әрбір қатысушыға ұйымдастырушылардан сыйлық ретінде экошопперлер, ал ең белсенділерге фитнес-бөтелкелер берілді. Эко-дәрістерде 1500-ден астам оқушылар қамтыды.

Жоба Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылуда және мектеп оқушылары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, тұрмыстық қатты қалдықтарды бөлек жинауды насихаттауға бағытталған.