
Акция барысында тұрғындарға тұрмыстық қалдықтарды неге және қалай дұрыс бөлу керектігі түсіндірілді. Қатысушыларға күнделікті өмірде қалдықтарды азайту, қайта пайдалану және қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыру жолдары туралы ақпарат берілді.
Балалар мен ересектер үшін қызықты викториналар мен интерактивті ойындар ұйымдастырылып, экологиялық сауаттылықтарын арттыруға баса назар аударылды. Белсенді қатысушылар мен викторина жеңімпаздарына естелік сыйлықтар табысталды.
Іс-шаралар «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ әлеуметтік жобасы аясында өткізіліп, #ТазаҚазақстан ұлттық экологиялық бастамасын қолдауға бағытталды.
Осындай акциялар арқылы біз:
- қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттаймыз;
- тұрмыстық қалдықтарды бөлу мәдениетін қалыптастырамыз;
Табиғатты бірге қорғайық, әр қадам маңызды!