"Таза Қазақстан" аясындағы құстарға қолдау көрсету акциясы

"Таза Қазақстан" аясындағы құстарға қолдау көрсету акциясы

Қарағанды облысында құстарға арналған жем салғыштарды орнату бойынша экологиялық акция өтті. Іс-шара «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы және облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы жүзеге асырып жатқан «Жануарлар биоалуантүрлілігін сақтау» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Жем салғыштар Майқұдық саябағына орнатылды.
Акцияға басқарма өкілдері, экоактивистер, еріктілер және орман шаруашылығы қызметкерлері қатысты.

Қыста құстарға азық табу қиын, сондықтан мұндай бастамалар олардың қала жағдайында аман қалуына көмектеседі.

Ұйымдастырушылар қала тұрғындарын акцияға қосылуға шақырады — саябақтар мен скверлерге орнатылған жем салғыштарға жем салып, құстарға қатал қыстан аман шығуға көмектесе аласыз.

«Қарағанды орман және жануарлар әлемін қорғау шаруашылығы» КҚМ-ның аңтану маманы Александр Москоленко:
«Қыс кезінде құстарды қолдау өте маңызды. Үй маңындағы скверлерге жем салғыш орнатуға болады — оларды өз қолыңызбен жасау да оңай. Бұл – қысқа біздің өңірде қыстайтын құстарға үлкен көмек».

Табиғатқа бірге қамқор болайық!