
2025 жылғы 12 қарашада Қарағанды облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Санбаев Б.Ж., Балқаш қаласының әкімі Сатаев С.К. төрағалығымен және қаланың ардагерлерінің қатысуымен кеңес өтті. Кеңесте «Балқаш қаласының қалалық жағажай ауданындағы жағалауын қорғап, Бертіс шығанағын түбіндегі шөгінділерден тазарту» жобасын іске асыру барысы талқыланды.
Бұл жоба – Балқаш көлінің экологиялық жағдайын жақсартуға және табиғи байлығын келешек ұрпаққа сақтап жеткізуге бағытталған маңызды бастама.
Тазарту жұмыстары ұзындығы 3 шақырым, ені 200 метр, тереңдігі 3 метр болатын аумақта жүргізіледі.
Аумағы кеме жасау зауытынан ескі алаңға дейінгі бөлікті қамтиды, сонымен қатар пирстерді бұзу жұмыстары қарастырылған.
Жобаны іске асыру мерзімі – 3 жыл.
Мердігер ұйым – «Гидро құрылыс» ЖШС,
Авторлық қадағалау – «Улмад» ЖШС,
Техникалық қадағалау – «Broad Mark Construction» ЖШС.
Барлық дайындық шаралары аяқталған соң алғашқы жұмыстар биылғы жылы басталады.
Бұл бастама Балқаштың табиғи сұлулығын сақтап, аймақтың экологиялық тұрақтылығын арттыруға ықпал етеді.