
Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бахтияр Санбаевтың төрағалығымен 10 қараша күні Кіші Бұқпа өзенін сауықтыру мәселесіне арналған кеңес өтті.
Кеңеске қалалық мәслихат депутаты Дедов Д.В., Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Қожақапанов Р.М., Нұра–Сарысу бассейндік инспекциясының басшысы Үмбетбаев Е.Б., сондай-ақ «Биосфера Казахстан» және «Аква-Рем» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің өкілдері қатысты.
Кеңес барысында өзенді сауықтыру жөніндегі жобалық шешімдер, жобалау және іздестіру жұмыстарын дайындау мен орындау мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша жобаны уақытылы іске асыру мен мүдделі тараптардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған нақты шешімдер қабылданды.