Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қазақстан ормандарын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін» II дәрежелі төсбелгісімен Қарағанды орман шаруашылығының инспекторы Абдулкахим Бейсенбеков марапатталды.
— Мен орман шаруашылығында 25 жылдан бері еңбек етіп келемін. Әкем де орманшы болған — ол Бұқар жырау ауданында 40 жыл жұмыс істеді. Еңбегімнің еленгеніне өте қуаныштымын, — деді ол.