
Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілікті арттыру және азаматтарды қоршаған ортаны аялауға жұмылдыру болып табылады.
Байқау аясында мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор өкілдері арасында «Табиғатты бірге сақтайық» эссе байқауы, колледж студенттері арасында «Табиғат қорғаушысы», ал жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Туған өлке табиғаты» атты шығармашылық байқаулар өткізілді.
Сонымен қатар, іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылып, мерекелік күн аясында экологиялық тәрбие мен табиғатты қорғау бағытындағы игі бастамаларды қолдау мақсатын да көздеді.
ЖЮРИ ШЕШІМІМЕН қатысушылар келесідей орындарға ие болды:
«Табиғатты бірге сақтайық» Эссе байқауы:
І орын – Тайгумбаев Нұрлан Радикович (Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің коммуналдық шаруашылық секторының бас маманның міндетін атқарушы);
ІІ орын – Әдешова Сағыныш Мәдиқызы («Visit Qaraganda» Туристік ақпараттық орталығы» КММ аналитика, стратегиялық жоспарлау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің менеджері);
ІІІ орын – Жомартов Алмас Сайлаубекұлы («Жалын» облыстық мамандандырылған спорт мектебі» КМК заңгері);
ІІІ орын – Исина Кенжегүл Амантайқызы (Бұқар жырау атындағы орталық қалалық кітапханасының әдіскері, Шахтинск қ.).
«Табиғат қорғаушысы» байқауы:
І орын – «Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖМ;
ІІ орын – «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК
ІІІ орын – «Академик Қ.А. Сағынов атындағы мектеп-колледж» ЖМ.
«Туған өлке табиғаты» байқауы:
І орын – «Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ.
Аталған шара экологиялық құндылықтарды насихаттап, қоғамда табиғатты аялау мәдениетін дамытуға өз үлесін қосты.