Экологиялық сенбілікке 70-тен астам адам қатысты. Олардың қатарында: ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының курсанттары, Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметкерлері, Экология департаментінің өкілдері, қаланың белсенді, бейжай қарамайтын тұрғындары.
Сенбілікте №19 мектеп сыртындағы және Әшімов көшесі, 24 үйдің маңайындағы дала аумағы тазаланды. Нәтижесінде 80-нен астам қап қатты тұрмыстық қоқыстар мен жиһаз қалдықтары жиналды, соның ішінде 20 қап (пластик, полиэтилен, қағаз, картон) қайта өңдеу компаниясына тапсырылды.
Бұл – тек сенбілік емес, экологиялық мәдениетті нығайтуға үлес қосқан ортақ жауапты қадам!
Іс-шара «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің «Бөлу, тапсыру, қайта өңдеу» жобасы аясында өткізілген биылға қорытынды экологиялық сенбілік болып табылады. Басқарма басшысы Бақтияр Санбаевтың айтуынша, жобаның басты мақсаты – тек қоқыс жинау емес, азаматтарды тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға үйрету және жастар арасында экологиялық мәдениетті дамыту.
Табиғатты аялау – азаматтық жауапкершілік!
Қаламыздың тазалығы – әрқайсымыздан басталады!