«Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында мектеп оқушылары арасында «Эко-қаһарман» байқауын жариялайды.
Байқаудың басты мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық ойлау қабілетін дамыту, табиғатты қорғауға және қалдықтарды сұрыптауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Байқау бағыттары:
6–15 жас аралығындағы (1–7 сынып) оқушылар қатыса алады. Байқау Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск және Абай қалаларының мектептері арасында өткізіледі.
Өтінім қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 17 қазанына дейін
Қалдықтарды жинау: 2025 жылдың 4 қарашасына дейін
Қорытынды: 2025 жылдың 12 қарашасына дейін
Марапаттау: қараша айында өткізіледі.
Байқау серіктестері:
Номинациялар:
Қатысушылар жиналған қалдықтардың фотосуреттерін, өлшеу дәлелдемелерін және әлеуметтік желілердегі белсенділіктерін ұсынады. Ең белсенді, ең шығармашыл және ең экологиялық жауапты мектептер дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.
Байқау @prirodnye.resursy.krg "Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ-нің "Бөлу, тапсыру, қайта өңдеу" жобасының аясында өткізілуде.
Өтінімдер: nuks.krg@mail.ru
Байланыс телефоны: 8 707 659 96 59 (Омарханов Нұркелді)