13 қыркүйек күні Абай қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті.
Сенбілікте 3 және 4 шағын аудандардың арасындағы дала аймағы тазаланды.
Сенбілікке 150-ден астам қала тұрғындары, жастар, қаладағы ұйым өкілдері мен белсенділер қатысты.
Бірлескен күш-жігердің арқасында 80 қап қоқыс жиналды, оның ішінде 30 қап қайта өңдеуге жарамды қалдықтар (пластик, қағаз және т.б.) Абай қаласындағы «Вторсырье Караганда» ЖШС қабылдау пунктіне өткізілді.
Сенбілікке қатысқан әрбір азаматқа алғыс ретінде акцияның атаулы бас киімдері, футболкалары және шопперлері табысталды.
Сенбілік @prirodnye.resursy.krg «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің «Бөлу, тапсыру, қайта өңдеу» жобасы аясында @abay_audany_akimdigi Абай ауданы әкімдігімен бірлесе ұйымдастырылды.
Әрбір қатысушыға белсенділігі мен туған өлкенің экологиясына жанашырлық танытқаны үшін шынайы алғыс айтамыз! @crm.mol.ko
Таза қала – жарқын болашақтың кепілі!