Жоба аясында ЖОО студенттері үшін «Жасыл университет» экологиялық жобалар байқауы жарияланады!
Байқаудың мақсаты:
* Студенттер арасында экологиялық сананы арттыру;
* Жасыл технологиялар мен тұрақты даму идеяларын қолдау;
* Университет аумағында қолдануға болатын тиімді экостартаптарды анықтау;
* Креативтілік пен кәсіпкерлік қабілеттерді дамыту.
Өткізу уақыты: 2025 жылғы 25 қыркүйек, басталуы – 10:00.
Қатысушылар тізімін 2025 жылғы 20 қыркүйекке дейін мына поштаға жіберу қажет: daneka_t@inbox.ru.
Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады!