ҚҰРМЕТТІ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ!

ҚҰРМЕТТІ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ!

Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында «Экокурс» жобасын іске асыруда.
Осы жоба аясында «ЖАСЫЛ ӘЛЕМ» байқауы өтетінін хабарлаймыз.

Өткізу күні: 25 қыркүйек 2025 жыл

Өтетін орны: қосымша хабарланады

Байқаудың мақсаты:
колледж студенттерінің экологияға деген жауапкершілігін арттыру;
«Жасыл өмір салтын» насихаттау;
экологиялық жобаларды жоспарлау және таныстыру қабілеттерін дамыту.

Ұсынылатын бағыттар:
Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеудің жаңа бағыттары.
Жасыл энергетика (күн, жел энергиясы) тұрмыста.
Ағаш отырғызу және көгалдандыру бастамалары.
Пластиксіз өмір.
Су мен энергияны үнемдеу жолдары

Колледждің экологиялық ахуалын зерттеу

Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады!

Байқауға қатысу үшін өтінімдерді 2025 жылдың 19 қыркүйегіне дейін daneka_t@inbox.ru поштасына жіберу қажет.

Экоболашаққа бірге қадам жасайық!