Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормалары талаптарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау

2025 жылғы 5 тамызда Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.С.Бекімова Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп стандарттарын сақтауға, ұжымдағы іскерлік және достық қарым-қатынастарды нығайтуға, киімдегі іскерлік стильді қолдауға, әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, діни қатынастар мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, ҚР-да ойынға тәуелділікпен күресті күшейту, мемлекеттік қызметшілерге спортқа ставка қоюға және казино ойнауға тыйым салу және т.б. бойынша түсініктемелер берілді. Семинарға Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Б.Ж.Санбаев қатысты.