«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Қарағанды қаласының белсенді жастары мен тұрғындары Шахтерский шағын ауданындағы жасыл белдеуде сенбілік өткізіп, 100-ден астам қап қоқыс жинады.
Шараның басты мақсаты — табиғатты тазарту ғана емес, сонымен қатар қоқысты дұрыс сұрыптауды насихаттау болды. Қатысушылар екі топқа бөлініп, қалдықтарды пластик, қағаз, шыны және басқа да түрлеріне бөліп жинады. Бұл әрекет олардың экологиялық мәдениетін арттырып, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығын көрсетті.
Жиналған қоқыстың 60-астан қабы — қайта өңдеуге жарамды қағаз, картон, пластик, шыны бөтелкелер мен полиэтилен. Барлық сұрыпталған қалдықтар «Вторсырье» ЖШС-не @vsk.karaganda тапсырылып, қайта өңдеу кәсіпорнына жөнелтілді.
Сенбілік @prirodnye.resursy.krg Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сұрыптау!, тапсыру!, қайта өңдеу!» жобасы аясында өтті.
Бұл шара қала тұрғындарына тазалық пен тәртіптің бастамасы әркімнен басталатынын, ал қоқысты сұрыптау – болашақтың экологиялық қауіпсіздігіне қосылған үлес екенін еске салды.