Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары!

Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары!

Сіздерді 26 шілде күні сағат 10:00-де «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акция аясында өтетін, «Шахтерский» шағын ауданындағы жасыл белдеуді тазалау бойынша экологиялық сенбілікке қатысуға шақырамыз!

Сенбілікке қатысушыларға естелік сыйлықтар беріледі. Сондай-ақ қатысушыларға сенбілікке баруға ыңғайлы болу үшін автобус ұйымдастырылатын болады.

Сенбілік "Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ-нің "Бөлу, тапсыру, қайта өңдеу" атты экологиялық жобасының шеңберінде өткізіледі. 

Бірге тазалық орнатайық!

Таза қала – жарқын болашақ кепілі! Сіздің белсенділігіңіз – Қазақстанның экологиялық мәдениетінің негізі!

Жиналуы орны мен уақыты: Көгілдір тоғандар ықшам ауданы 6/2, «Сырдария» сауда үйінің тұрағы, сағат: 09:00-ден 09:40 аралығы.

Өтетін орны: "Шахтерский" шағын ауданындағы жасыл белдеу (Майқұдық) Басталуы сағат 10:00

Сенбілікке тіркелу үшін нөмірі: ‪8707 659 9659 (Нұркелді)