2025 жылдың 14 шілдесінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы шеңберінде Теміртау қаласындағы Самарқанд су қоймасының жағалауын тазарту бойынша экологиялық сенбілік ұйымдастырылды.
Экологиялық сенбілікке облысымыздың қала мен аудандарының келген жастар еңбек жасақтарының 100 жуық өкілдері қатысты.
Іс-шара «Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-нің «Бөлу, тапсыру, қайта өңдеу» жобасы аясында «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ-мен бірге әріптестікте өтті.Қатысушылар Самарқанд жағалауы мен жағалауға жақын тоғай аумағындағы қоқыстартарды тазалады. Олар пластик, қағаз, қатты қалдықтар сияқты түрлерге бөліп сұрыптап, нәтижесінде 180 қап қоқыс жиналды.
Ал шара соңында экологиялық сенбілікке қатысушыларға арнайы естелік сыйлықтар табысталды.
Барлық азаматтарды қоршаған ортаны таза ұстауға, сондай-ақ қоқыстарды сұрыптауға, табиғатты аялауға шақырамыз!@prirodnye.resursy.krg