Су – тіршілік көзі. Оған ұқыпты қарау – әр адамның міндеті

Су – тіршілік көзі. Оған ұқыпты қарау – әр адамның міндеті

Су – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Біз күн сайын суды ішеміз, тамақ әзірлейміз, тазалықты сақтаймыз, тұрмыстық қажеттіліктерге қолданамыз. Алайда көп жағдайда суды қалай және қанша мөлшерде пайдаланып жатқанымызға мән бермейміз.

🔹 Бір ғана ақаулы шүмек минутына шамамен 15 литр су жоғалтады.
🔹 Ашық қалған кран сағатына 1000 литрге дейін суды ысырап етуі мүмкін.
🔹 Қала тұрғыны тәулігіне орта есеппен 250 литр су тұтынады.

🌍 Суды үнемдеу — ортақ жауапкершілік
Су ресурстарының сарқылмауы — қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты дамудың маңызды шарты. Әрбір азамат суға ұқыпты қарау арқылы табиғатты сақтауға өз үлесін қоса алады.

✅ Кранды қажетсіз ашық қалдырмаңыз.
✅ Су ағып жатқан жағдайда дер кезінде жөндеу жасаңыз.
✅ Тұрмыста суды үнемдеуге арналған құрылғыларды пайдаланыңыз.

Суға деген жауапты көзқарас — болашақ ұрпаққа таза өмір сүру мүмкіндігін сыйлау деген сөз.