Мемлекет Басшысының 2 миллиард ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында елімізде кең көлемді экологиялық шаралар қолға алынуда. Аталған бастама — Қазақстанның экожүйесін жақсартуға, климаттық тұрақтылықты арттыруға және болашақ ұрпаққа жасыл мұра қалдыруға бағытталған маңызды қадам.
Осы міндеттерді орындау мақсатында Қарағанды облысындағы орман шаруашылықтары көктемгі ағаш отырғызу науқанын сәтті аяқтады. Жалпы алғанда, көктемгі жұмыстар нәтижесінде 278,2 гектар жерге 1 миллион 299 мыңнан астам көшет отырғызылды.
Атап айтқанда, Қарағанды орман шаруашылығы 135 гектар аумақта мыңдаған көшет отырғызса, Қу орман шаруашылығы 143,2 гектар жерге 954,5 мың дана жас ағаш отырғызды. Бұл көрсеткіштер өңірдегі жасыл желекті кеңейтуге және орман қорының көбеюіне үлкен үлес қосады.