Экологиялық заңнамаға сәйкес, елімізде табиғатты қорғау шаралары қоршаған ортаға теріс әсері үшін бюджетке түсетін төлемдер есебінен іске асырылады.
Соңғы үш жылда түсімдердің жалпы көлемі мынадай:
2021 жылы – 13,198 млрд теңге,
2022 жылы – 12,961 млрд теңге,
2023 жылы – 13,326 млрд теңге.
Аталған қаражат экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау іс-шараларын қаржыландырудың маңызды көзі болып табылады.