Сіз баскетболды жақсы көресіз бе? Бұл ойынды оқудан немесе жұмыстан бос уақытта ойнауды ұнатасыз ба? Онда бұл ақпарат Сізге арналған! Жақында Қарағандыда стритболдың жазғы маусымы ашылады. Дәлірек айтсақ, 14 маусым күні Аула баскетбол лигасының бірінші туры өтеді. Барлығыңызды қатысуға шақырамыз! Өз командаңызды жинаңыз да, алға бастаңыз! Толығырақ https://www.instagram.com/p/DJrF_z0TgjW/. Байланыс телефоны +7 700 997 2358. Бұл күшті емес пе!
Айтпақшы, Қарағанды облысында баскетболға деген қызығушылықтың өсуі айқын байқалады. Статистикаға сәйкес, бұл командалық ойын футбол, волейбол және футзалдан кейін біздің аймақтағы спорт түрлерінің танымалдығы бойынша төртінші орында тұр. Онымен 23562 адам (ауылдық жерлерде – 5707) айналысады.
Бұл күндері Қарағандыда «GGG» спорт кешенінің залында 2012 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында облыс чемпионаты өтуде, оған қалалар мен аудан командалары қатысуда. Дәл осындай жарыстарда үздіктер таңдалып, өңірлік құрама құрылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қаңтарында біздің ойыншылар командасы 2012 жылы туған Қазақстан чемпионатында үшінші орынға ие болды. Қарағандылық Жандос Әубәкіров ел біріншілігінің үздік ойыншысы атанды.
Аймақ құрамасында барлығы 12 ойыншы болды. Оның алтауы Шахтинск қаласының тумалары, екеуі Абайдан және төртеуі қарағандылықтар.
- Өткен жылы біз өте жақсы нәтиже көрсеттік. Барлық аймақтың жаттықтырушыларын біріктіріп, әр жас санатына өз тәлімгері бекітілген жүйені құра алдық. Мұндай жүйе жұмысты нәтижелі етеді және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, – деп, түсіндірді Қарағанды облысының баскетболдан аға жаттықтырушысы Дастан Аяпбек.