Бұл аймақтық біріншілікке гимнастикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің алты және одан жоғары жастағы 90 оқушы қатысады. Қыздар өз шеберліктерін төрт снарядта, ал ұлдар алты снарядта көрсетеді.
- Турнир біздің тәрбиеленушілеріміз үшін өте маңызды, себебі біз барлық қойылымдарды көріп, құраманы одан әрі қалыптастыру үшін үздіктерді атап өтеміз. Осы чемпионаттың қорытындысы бойынша разрядтар беріледі, - деп, атап өтті гимнастика мектебінің басшысы Олжас Тұрсымбеков.
Белгілі жаттықтырушы Александр Петрович Диденко Қарағанды облысында гимнастиканы дамытуға және насихаттауға үлкен үлес қосты. Оның есімімен Қазақстанның ең мықты гимнастшысы Горбачев Степан мен басқа да танымал спортшылардың жетістіктері байланысты. Айта кетейік, естелік чемпионат алғаш рет 2018 жылы өтті.