Белорустық қала көшесі қазақстандық батырдың құрметіне аталған

Белорустық  қала  көшесі қазақстандық батырдың құрметіне аталған

Қарағанды  турниріне  Беларусь делегациясы келді! 

16 сәуір күні жеңіл атлетикадан Кеңес Одағының Батыры Қазыбек Нұржановты еске алуға арналған ашық республикалық турнир басталды. Қарағанды облысы Ақтоғай ауылының тумасы Беларусьтің Волковыск қаласын  азат ету кезіндегі шайқаста қаза тапты. Біздің жерлесіміз Деречин селосындағы бауырластар зиратында жатыр. Волковычандықтар азат етуші қаһарман Қазыбек Нұржановты ардақтап есте сақтауда. Жыл сайын сол жердегі жергілікті спорт мектебінде қазақстандық жауынгердің құрметіне жеңіл атлетикадан турнир өткізіледі. 2019 жылы Қарағандыдағы жеңіл атлетика манежіне батырдың есімі беріліп, сол жылы оны еске алу құрметіне алғашқы біріншілік өтті.

2025 жылы Волковыск қаласындағы сол мектептің спортшылары Қарағандыға турнирге қатысу үшін келді.

- Бізді Қарағанды өте жылы қабылдады. Әуежайда бауырсақпен және  плакатпен қарсы алды, біз үшін бұл кездесу жағымды тосын сый болды. Қазыбек Нұржановты еске алу турнирі біз үшін дәстүрге айналған. Волковыскте ол 47 рет өткізілді. Оған жауынгер жерленген қала мен кенттің жалпы білім беретін мектептерінің спортшылары қатысады. Біз Қазбек Нұржановты мәңгі жадымызда сақтаймыз: оның құрметіне көше аталған, спорт мектебінде мемориалдық тақта бар, мектептердің бірінің мұражайында қаламыздың қорғаушысының бұрышы безендірілген. Биыл Қарағандыда өткен жарысқа Волковыск пен Гроднодан 10 оқушы қатысуда. Бес жыл бұрын біз мұнда екі рекорд орнаттық және биыл да жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз, – дейді беларуссиялық жаттықтырушы Наталья Мозель.

Жалпы, жарысқа ҚР қалалары мен облыстарынан 200-ден астам спортшы және Беларусь Республикасынан келген команда қатысады. Турнирдің рекордшыларына Қазыбек Нұржановтың отбасы ақшалай сыйлықтар табыстайтын болады.