Ибрагим Магомадов Қазақстанға күрестен Азия чемпионатының алғашқы медалін әкелді!

Ибрагим Магомадов Қазақстанға күрестен Азия чемпионатының алғашқы медалін әкелді!

Құрлықтық біріншілік 25-30 наурыз аралығында Иордания астанасы Амманда өтуде. Жарыс түрі грек-рим, әйелдер күресі және еркін күрес.

Ұзақ уақыт бойы Иран Азия аренасында жекпе-жектің бұл түрінде үстемдік етті, бірақ соңғы жылдары Жапония көшбасшылық позициясын жеңіп алды. 2024 жылғы Олимпиада ойындарында бұл елдің өкілдері сегіз алтын жүлдеге ие болды,  мамандардың пікірінше, олар Иорданияда да жалпы командалық есепте үздік болуы мүмкін.

Сонда да біз, өзіміздің спортшыларымызға жанкүйерлік етудеміз! Азия чемпионаты грек-рим күресінен басталды. Осы түрдегі алғашқы медальді Қазақстанға қарағандылық спортшы Ибрагим Магомадов әкелді. Үшінші орын үшін 77 келі салмақ дәрежесінде күрескен біздің жерлесіміз Амро Садеден (Иордания) мықты болып шықты. Нәтижесінде «қола» Магомадовта!

Балуан мен оның жаттықтырушыларын жеңісімен құттықтаймыз! Біз бүгін әйелдер күресінен Азия чемпионатының медалі  үшін күресіп жатқан аты аңызға айналған Эльмира Сыздықова үшін тақым қысудамыз.