Ливан мен Алматыда қарағандылықтар топ жарды!

Ливан мен Алматыда қарағандылықтар  топ жарды!

Бейрутте  үстел теннисінен «WTT Youth Contender» халықаралық турнир өтуде. Тағы да қарағандылық Алан Құрманғалиев жоғары спорттық шеберлікпен 17 жасқа дейінгі жас санатында, жеке разрядта алтын медаль жеңіп алып, топ жарды!

Алматыда 2009 жылы туған және одан кіші спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионаты қызу жүріп жатыр. Кеше командалық турнирдің финалдық матчтары өтті, онда ұлдар мен қыздар арасында алтын медаль жеңіп алған қарағандылықтар өте үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлады @ttfrk.

* Ұлдар. Қарағанды-Алматы 3:1.

Асылхан Мағзұмбеков-Әлихан Қадыри 3: 0.

Медет Нұрымов-Алексей Маркин 3: 0.

Олег Яковлев-Кирилл Берников 0: 3.

Асылхан Мағзұмбеков-Алексей Маркин 3: 2.

 

* Қыздар. Қарағанды-Шымкент 3:2.

Мария Лукьянова-Айназ Әділгереева 1: 3.

Дарья Фу-Ақниет Амангелді 3: 0.

Юрана Ибраева-Руана Шымкентбай 1: 3.

Дарья Фу-Айназ Әділгереева 3: 1.

Мария Лукьянова-Ақниет Амангелді 3: 2.