Қарағандылықтар су добынан Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды!

Қарағандылықтар су добынан Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды!

Су спортынан әр түрлі жас шамасындағылар арасында  Нью-Кларк-Ситиде (Филиппин) өткен XI құрлықтық біріншіліктен тағы да жағымды жаңалық. Су добынан Қазақстан жастар құрамасы қола медаль жеңіп алды. Үшінші орын үшін біздің жерлестеріміз Қытай командасын 7: 4 есебімен жеңді.

Құрама құрамында марапаттар үшін Қарағанды облыстық кешенді спорт мектебінің Тамир Грибов және Владимир Юртаев атты екі тәрбиеленушісі күресті. Бұл жігіттер су добымен сегіз жыл бойы айналысады. Жақын арада «Спорт шебері» атағын алмақшы.   

Владимир Пришахтинскідегі №33 мектептің 11-сыныбында оқиды, Тамир Алматының спорт интернатының болашақ түлегі.

Спортшылардың Қазақстан жастар құрамасына кіріп, Азия чемпионатының жүлдегерлері атағандары  Селиверстов Дмитрий Юрьевич, Голегузов Сергей Владимирович және Половников Виктор Михайлович атты жаттықтырушылардың жарқын  еңбегінің жемісі.