Бүгін Қарағанды облысы дене шынықтыру жәе спорт басқармасының жаңа қызметкерлері мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады

Бүгін Қарағанды облысы дене шынықтыру жәе спорт басқармасының жаңа қызметкерлері мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады

Экономика және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Сабина Мухтарова, бас мамандар Жанна Жакаева, Корлыгаин Ильясова, Динара Орынбаева және Елназар Касенов сынақ мезімінен тамаша өтіп, арнайы тексерістің оң нәтижесін алды. Олардың әрқайсысы қолдарын Қазақстан Республикасының Конституциясына салып тұрып: «Мемлекеттік қызмет атқаруды қоғам мен мемлекет тарапынан айрықша сенім білдіру ретінде бағалап, Қазақстан халқы алдындағы өзімнің биік жауапкершілігімді сезіне отырып, елдің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға, халқыма адал да біліктілікпен қызмет етуге салтанатты түрде ант етемін», - деп ант беріп, ант астына қол қойды.

Басқарма басшысы мемлекеттік қызметші атанған әріптестерін қызу құттықтады. «Бұл үлкен жауапкершілік. Азаматтық, кәсіби және моральдық жағынан үлгі болуларыңыз, біздің Тәуелсіз Қазақстанымыздың көркейе беруі үшін шын пейілмен қызмет атқаруларыңыз қажет», - деп атап өтті Темірхан Абылаев.