Қарағандылықтар барлығын басып озды!

Қарағандылықтар барлығын басып озды!

Қарағандыда, 20-26 наурыз аралығында «Сарыарқа» үстел теннисінің орталығында үстел теннисінен Қазақстанның VI жазғы спартакиадасы өтті. Барлық облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 300 – ге жуық ең мықты спортшылары, соның ішінде ұлттық құраманың мүшелері-Герасименко Кирилл (Астана), Құрманғалиев Алан (Қарағанды), Ақашева Зәуреш (Қарағанды), Лаврова Анастасия (Астана), Миркадирова Сарвиноз (Шымкент) және басқалары республикалық турнирдің марапаттары үшін күресті.   

Қарағанды өңірінің ерлер мен әйелдер құрамалары командалық турнирді жеңіспен аяқтады! Ерлер, финал, Қарағанды-Шығыс Қазақстан облысы 3:1. Чемпиондар-Алан Құрманғалиев, Владислав Захаров, Темирлан Ким, Әмір Торғайбеков, Райымбек Келбуганов. Командалық турнирдің қорытындысы:

1 орын - Қарағанды облысы;

2 орын - Шығыс Қазақстан облысы;

3 орын - Астана және Жамбыл облысы.

Әйелдер, финал, Қарағанды-Шымкент 3:1. Зәуреш Ақашева, Арай Әшкеева, Жанерке Көшкінбаева, Александра Смирнова, Виктория Мочалкина алтын медаль жеңіп алды.

Қорытынды нәтижесі:

1 орын - Қарағанды облысы;

2 орын - Шымкент;

3 орын - Астана және Батыс Қазақстан облысы.

Ең қызықтысы – жарыстың соңғы күні 26 наурызда жеке және жұптық сындағы жүлделі орындар үшін финалдық ойындар өтті, одан кейін марапаттау рәсімі өтті.

Жеке  сында Кирилл Герасименко (Астана) және Зәуреш Ақашева (Қарағанды облысы) жеңімпаз атанды.

Жүлдегерлер: екінші орын - Алан Құрманғалиев (Қарағанды облысы) және Сарвиноз Мирқадырова (Шымкент), үшінші орын - Владислав Захаров (Қарағанды облысы), Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы), Әнел Бақыт (Шымкент), Ангелина Романовская (Павлодар облысы).

Жұптық сында жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанғандар:

Ерлер жұбы

1 орын - Владислав Захаров / Алан Құрманғалиев (Қарағанды облысы).

 

2 орын - Александр / Кирилл Герасименко (Астана).

3 орын - Денис Жолудев / Сағантай Құрмамбаев (Шығыс Қазақстан облысы), Бақдәулет Әкімәлі/Бекұлан Жамал (Шымкент).

Әйелдер жұбы

1 орын - Сарвиноз Мирқадырова / Әнел Бақыт (Шымкент).

2 орын - Гүлчехра Хусейнова / Алсу Сапарова (Батыс Қазақстан облысы).

3 орын - Юлия Даниярова / Алина Дубровская (Қостанай облысы), Айя Әлімбаева/Валентина Успанова (Алматы).

Аралас жұп

1 орын - Кирилл Герасименко / Анастасия Лаврова (Астана).

2 орын - Владислав Захаров / Зәуреш Ақашева (Қарағанды облысы).

3 орын - Бекұлан Жамал / Сарвиноз Мирқадырова (Шымкент).

Алан Құрманғалиев / Арай Әшкеева (Қарағанды облысы).

Жалпы медальдық есепте қарағандылықтар бірінші(!), астаналықтар екінші және шымкенттіктер үшінші орынды иеленді.