Бізде бес медаль бар!

Бізде бес медаль бар!

Жекпе-жектен алғашқы Азия-Тынық мұхиты сурдо чемпионаты Қырғызстанда (1-12 наурыз) өтуде. Сегіз елден келген 300-ге жуық спортшы таэквондодан бақ сынасты және дзюдо, грек-рим және еркін күрестен күресуді жалғастыруда. Сурдочемпионаттың алғашқы күндері таэквондодан өтті. Сырттай қарағанда, бұл жарыстардың әдеттегіден еш айырмашылығы жоқ-сол ережелер, сол соққылар. Жалғыз-ақ қосылғаны-төрешінің командасынан кейін қызыл шам жанады. Спортшылар есту қабілетінің нашарлығына байланысты тек визуалды сигналдарға назар аударады. Олар бапкер жаттықтырушының сыбырлап айтқанын және командаларын да естімейді, сондықтан   спарринг кезінде олар тек өздеріне сене алады. Ал, қарағандылық таэквондистерде бұл бар!

Азия-Тынық мұхиты сурдочемпионатында  бірінші орынды Қазақстан құрамасының құрамындағы облысымыздың спортшылары Аян Әбдіраш (с/д 58 келі), екінші орынды  Айжомол Абдикатова (с/д 57 келі), Аида Мақатова(с/д 67 келі), үшінші орынды Нұрдәулет Жақып (с/д 68 келі),   Виктор Фрундин (с/д +80 келі) иеленіп, медальдар жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер – облыстық мүгедектер спорты мектебінің тәрбиеленушілері. Турнир ресми, сондықтан біздің спортшыларымыз келесі сурдолимпиадаға қатысу үшін рейтингтік ұпай жинауда.