Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы медальді қарағандылық жеңіп алды!

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы медальді қарағандылық жеңіп алды!

Италияның Падуя қаласында семсерлесуден Әлем кубогы өтіп жатыр. Онда 27 елден 200-ден астам спортшы жеңіске жету үшін күресуде. Қылыштасудан жекелеген жарыста қазақстандық Артем Саркисян финалға сенімді түрде жетті. Табан тірескен күресте қарағандылық спортшы жарыс қожайынына жол берді. Нәтижесінде күміс марапат, бірақ қандай десеңізші! Артем Саркисян Тәуелсіз Қазақстан тарихында ересектер арасында семсерлесуден Әлем кубогының алғашқы медалін жеңіп алды. Бұған дейін халықаралық ірі жарыстардың марапаттарын тек семсерлесуші ерлер мен әйелдер  өкілдері әкелген болатын.

2022 жылы Артем Саркисян Сеулде (Оңтүстік Корея) семсерлесуден Азия чемпионатының жүлдегері атанды. Жекелеген жарыстардың бірінші күні Қарағанды өңірінің жоғары спорт шеберлігі мектебінің өкілі қола медаль жеңіп алды. Бұған дейін құрлықтық біріншіліктегі жүлделі орынды семсершілеріміз 17 жыл бұрын иеленген болатын. Енді, міне Артем Тәуелсіз Қазақстан тарихында ересектер арасында семсерлесуден Әлем кубогының алғашқы медалін жеңіп алды.