Тергеуші қыз Азия чемпионы атанды!

Тергеуші қыз Азия чемпионы атанды!

24-28 ақпан аралығында Бангкок қаласында (Тайланд) джиу-джитсудан құрлықтық біріншілік өтті. Азия чемпионатына 30 елден 550-ге жуық спортшы қатысты. Қазақстан командасы 10 алтын, 12 күміс және 17 қола жүлдеге ие болды.  Ұлттық құрама құрамындағы қарағандылық спортшылар бұл жолы да ерледі! Аян Әмзе (с/д 70 келі) алтын (түйісу жүйесі) және күміс медаль (файтинг жүйесі) жеңіп алды. Ажар  Салықова (с/д 63 келі, неваза жүйесі) мен  Еркебұлан Алтынбеков (с/д +94 келі, неваза жүйесі) қола алды.

Айтпақшы, Polisia.kz хабарлағандай, Аян Әмзе -Қарағанды ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің тергеушісі болып жұмыс жасайды. «Мен финалға өтетінімді сездім. Алтын медаль үшін күрестегі қарсыласым бұрыннан өзіме таныс – тайкалық спортшы болды. Мен онымен өткен жылы Азия чемпионатының финалында жекпе-жекке шыққан болатын-мын. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын», - деді Аян. Ол  алты жыл бұрын мектепте оқып жүрген кезінде күреспен айналысыпты. ҚР ІІМ Қарағанды академиясында оқып жүрген кезінде джиу-джитсуға қызығушылық танытып, тамаша нәтижелерге қол жеткізген. Тергеуші қыздың алдағы жоспары-Әлем чемпионатында өнер көрсету.