Өнерлі жігіт өрде озар!

Өнерлі жігіт өрде озар!

Ливанның Джеззин қаласында теннистен  «WTT Youth contender Jezzine»  халықаралық турнир  өтті. Қарағандылық Алан Құрманғалиев тағы да шебер  ойын көрсетті. Бұл жолғы қарсыластары өзінен үлкен болды.   15 жасар спортшымыз 17 жасар Абад әл-Абдулланы (Катар), Карим Шатунды (Иордания), Стивен Мореноны (Пуэрто-Рико), Беньямин Фараджиді (Иран), Реми Шамбе-Вейланы (Голландия), Амирмахди Кешаварзиді (Иран)  жеңіп,  алтын медальға ие болды.

Одан кейін Алан осы турнирде 19 жас санатында өнер көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Жас ракетка шебері мен оның бапкері Эльмира Әмірқызы Әлиеваны жеңісімен  құттықтаймыз!