«Ізбасарлар өсіп келеді!»

«Ізбасарлар өсіп келеді!»

Бүгін Қарағандыда грек-рим күресінен  жасөспірімдер (2008-2009 ж.т.) арасында ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Иванович Лепеханы еске алуға арналған республикалық турнир басталды. Жарыс «Жастар» СК-де өтуде. Мұнда Астана, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Ұлытау және Қарағанды облыстарынан келген 151 қатысушы жеңіске жету үшін күресуде. Турнир сегізінші рет ұйымдастырылып отыр және дәстүрге айналған.

- Менің өзім де бір кездері осындай біріншіліктерге қуана-қуана қатысқанмын. Кез-келген жарыс маңызды және жас буын спортшыларға шеберлікті арттыру, күрес тәжірибесін алу және басқа аймақтардағы қарсыластармен қарым-қатынас жасау үшін өте қажет. Қазақстанда ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Владимир Иванович Лепеханы еске алу сияқты танымал әрі беделді турнирлер өте аз. Олардың саны көбірек болуы керек. Шынында да, спортшы неғұрлым жиі жарысса, соғұрлым оның дене бітімі, дағдылары жақсарады. Мен  төзімділік танытып, тынымсыз  еңбектеніп, өсіп келе жатқанын осы балаларға қарап, қуанып отырмын! - деді турнир қонағы, грек-рим стиліндегі қарағандылық балуан Ерұлан Ысқақов. Қазақстан және Азия чемпионы, Азия ойындарының жүлдегері қазір Париж-2024 Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін бар күшін салуда.