Қарағандыда 4 қарашада ұлдар мен қыздар арасында (2009-2010 ж.т.) жеңілатлетикалық төртсайыстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вера Федоровна Карпованы еске алуға арналған 17-ші турнир басталады

Оған еліміздің әр өңірінен 20 команда (167 адамнан) -  Астана, Алматы, Талғар, Есік, Көкшетау, Өскемен, Лисаковск, Павлодар, Екібастұз, Петропавл, Теміртау, Абай, Шахтинск, Сәтбаев, Балқаш қалаларындағы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының Саумалкөл ауылындағы спорт мектептерінің тәрбиеленушілері  қатысады. Төртсайыстың бағдарламасына 60 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру, биіктікке секіру және кросс кіреді. 

Естеріңізге сала кетейік, Вера Федоровна Карпова Қазақстанның 19 дүркін рекордсмені, КСРО чемпионатының, Еуропа Кубогының және басқа да көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы болған. Ол Қазақстанның ең мықты көпсайысшыларын, соның ішінде Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Карповты тәрбиелеп, жаттықтырған. Вера Федоровна  қайтыс болып кеткеннен кейін, 2007 жылы  жеңіл атлетикадан «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы»  атағы берілді.