Қазақстан Республикасы Күніне орай, Қарағанды өңірінде екі жабық хоккей корты ашылды

Қазақстан Республикасы Күніне орай, Қарағанды өңірінде екі жабық хоккей корты ашылды

Нұра кентінде алғашқы спорт нысаны есігін айқара ашты. Құрылыс аймақтық және аудандық бюджеттерден қаржыландырылды. Екінші корт Шахтерский ауылының  тұрғындарын қуантты. Ол «Ауыл-ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғызылды. Осы жаңа спорт нысандарына барғандар олардың қаншалықты ауқымды және жайлы екенін атап өтті. Бұл нысандардың күніне 100 адамды қабылдау мүмкіндігі бар.  Жасанды жабыны бар ойын алаңының көлемі 26-дан 56 метрге дейін. Мінберлер 80 көрерменге арналған, сондай-ақ киім ауыстыратын бөлмелер мен душ бөлмелері де бар.

- Ауыл тұрғындары қыста хоккей, жазда футбол ойнауға болатын осы нысандарды бағалайды деп сенемін. Ересектер мен балалар осындай қолайлы жағдайда  спортпен қуана-қуана шұғылданады деп ойлаймын, - деп атап өтті, Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқановпен бірге корттардың ашылуына қатысқан Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев.