«Қызығушылық жоғалмайды...»

«Қызығушылық жоғалмайды...»

13 қарашада Ботақара кентіндегі  Жыланды тауында аушы құстармен аң аулаудан Қарағанды облысының "Сарыарқа-2021" чемпионаты өтті. Оған өңірдің ең үздік бүркітшілері қатысты.

- Қарағанды, Шет, Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы және Бұқар жырау аудандарынан  он бес адам келді. Ауа – райының өте желді әрі суық болғанына қарамастан, жарыстың өткеніне қуаныштымыз, - деп бастады Бұқар жырау ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олег Цыганков, - Осы чемпионаттың жеңімпаздары қыста өтетін республикалық біріншілікте Қарағанды облысының намысын қорғайтын болады, - деді, ол.

- Әр құсқа өзіндік тәсілі қажет. Ең мойынсұнғыш құс, сірә, бүркіт болар. Ол адамға тез үйреніп, адал болады. Ал, қаршығалар мен сұңқарлар – бірбеткей, оларды бағындыруға көп уақыт кетеді, - деді, «Қайрат» ұлттық спорт түрлері мектебінің жаттықтырушысы, қазіргі уақытта 32 оқушысы бар Төлеген Махамбетчин. - Балалар 10-12 жастан бастап,  атқа мінудің қыр-сырына үйрене бастайды, содан кейін бүркіттермен аң аулауды игереді. Балалардың, жастардың бүркітші болуға деген ықыласы, қызығушылығы жоғалмайды.

Чемпионат қорытындысы:

Ителгі:

І орын- Таңат Оспанқұлов, Ақтоғай ауданы.

ІІ орын- Асан Әбдіразақов, Шет ауданы.

ІІІ орын-Әділхан Күнтуған, Қарағанды қ.

Қаршыға:

І орын- Заңғар Дүйсен, Қарағанды қ.

ІІ орын- Ғарифола Амангелді, Жаңаарқа ауданы.

ІІІ орын- Шәкәрім Әбдірахыман, Жаңаарқа ауданы.

Бүркіт:

І орын – Темірәлі Төлегенұлы -Доскей кенті, Бұқар жырау ауданы.

ІІ орын- Асылан Егінбай, Қарағанды қаласы.

ІІІ орын- Есенгелді Метай, Бұқар жырау ауданы, Тоғызқұдық ауылы.