Теміртаулық спортшы әлем чемпионы атанды!

Теміртаулық спортшы әлем чемпионы атанды!

28 ел қатысқан ұлдар мен қыздар арасындағы самбодан біріншілік Салоники қаласында (Греция) өтті. «А.Молдағұлова атындағы «ОМОРМИК» КММ филиалының тәрбиеленушісі  Аида Тойшыбекова + 80кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды. «Жартылай финалда менің тәрбиеленушім украиналық қызды, ал алтын медаль үшін күресте- лақтыру және қолын ауырту тәсілі арқылы төрт ұпаймен ресейлік қызды жеңді.  Осы жеңістің арқасында қыздар құрамасы әлем чемпионатында жалпыкомандалық үшінші орынға ие болды. Осы сапарға қаражат бөлген облыстық самбо федерациясы мен спорт басқармасының барлық жаттықтырушылар құрамына алғыс айтамыз", - деді чемпионның тәлімгері Қайрат Абдуллаев. Бұл біздің облыс өкілдерінің осы халықаралық біріншіліктен жеңіп алған бір ғана медалі емес – 53 кг салмақ дәрежесінде Алдияр Қарғұлов төрт жекпе-жек өткізіп, қола медальға ие болды. Самбодан әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерін және олардың жаттықтырушыларын құттықтаймыз!