Қарағандыда алғаш рет теннистен халықаралық турнир өтеді

Қарағандыда алғаш рет теннистен халықаралық турнир өтеді

ITF W 25 легінің жарыстары 18-24 қазан аралығында және 25-31 қазан аралығында өтеді. Жаңа теннис орталығының кортында жалпы жүлде қоры 50 мың доллар болатын әлемдік ірі екі  әйелдер турнирі өтеді.

Бір жеке разрядтық басты торда кем дегенде үш қазақстандық ойнайтыны белгілі болды. Олардың аты-жөндері: Гозаль Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Екатерина Дмитриченко, оған қоса біздің тағы бірнеше жас спортшыларымыз ұйымдастырушылардан wild card алады.

Халықаралық біріншілікке ең жоғары деңгейдегі теннисшілер - ресейлік Виталий Дьяченко мен Мария Мельникова, Белоруссиялық Юлия Готовко, Нидерланд өкілі Сюзан Ламенс қатысады.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа теннис орталығы өткен жылдың күзінен жұмыс істей бастады. Оның инфрақұрылымы ең үздік әлемдік стандарттарға сай келеді: 11 корт (оның жетеуі жабық), жалпы және арнайы дене даярлығының екі залы бар. Бұл осы елдегі ең жақсы теннис орталықтарының бірі. Техникалық жабдықталуы (greenset жабыны, жарықтандыру – 1000 люкс, Technogym тренажерлер кешені) республикалық, сонымен бірге халықаралық турнирлерді де өткізуге мүмкіндік береді. ITF W25 біріншілігі жоғары деңгейдегі ең алғашқы жарыс болады.