Төрт алтын медаль жеңіп алған жас қарағандылық Қазақстанның абсолютті чемпионы атанды

Төрт алтын медаль жеңіп алған жас қарағандылық Қазақстанның абсолютті чемпионы  атанды

5-10 қазан аралығында Түркістан қаласында 2008 жылы туған және одан да жасы кіші спортшылар арасында үстел теннисінен республикалық біріншілік өтті.

Қарағанды облысының спортшылары төрт алтын, күміс және қола медаль жеңіп алды.

1 орын - әйелдер командасы: Виктория Мочалкина, Дарья Гамова, Дарья Фу, Алиса Кошелева

1 орын –Виктория Мочалкина  жекелей біріншілікте

1 орын –  Виктория Мочалкина - Дарья Фу екеуара жұп

1 орын –Виктория Мочалкина - Рамазан Назир аралас жұп (Түркістан)

2 орын- Дарья Фу - Нұрислам Қасым аралас жұп (Шымкент)

3 орын –Полина Сиротина  жекелей біріншілікте

Қазақстанның абсолютті чемпионы атанған Виктория Мочалкинаның есебінде төрт «алтын»!

Сонымен қатар, Павлодарда 8-11 қазан аралығында үстел теннисінен Е.К. Китаевты еске алуға арналған ашық республикалық турнир өтті. Оған қазақстандық ракетка шеберлерінен басқа Беларусь, Қырғызстан, Польша, Ресей және Өзбекстан спортшылары қатысты. Қарағанды облысының өкілдері жақсы нәтижелер көрсетті:

1 орын- Арай Ашкеева;   

3 орын- АлександраСмирнова;                                                                                          

2 орын - Эрик Райтер.