Ералы Тоғжанов Қарағандыда турнир ашты

Ералы Тоғжанов Қарағандыда турнир ашты

Міне, осымен үшінші жыл қатарынан қаламызда шағын футболдан Балапан Әбеновті еске алуға арналған ашық облыстық турнир өтіп келеді. Біріншісін 2018 жылы дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды. Оған 200-ден астам жас футболшы қатысты. Бірінші орынды Қарағанды өңірінің командасы иеленді. 2019 жылы облыстық біріншілікке 2004-2005 жылдары туылған 120 спортшы келді. Турнирде Қарағанды командасы жеңіске жетті.

Биыл жарыс 9-13 қазан аралығында «Жастар» спорт кешенінде 2008-2009 жылдары туылған ұл балалар арасында өткізіледі. Оған Қарағанды өңірі мен Нұр-Сұлтан өңірінен келген он команда қатысады (184 адам).

Турнирді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ашты, ол- өмір жолы кәсібиліктің, патриотизмнің және адамдарға пайда әкелуге деген ұмтылыстың жарқын үлгісіне айналған Балапан Әбеновпен жақын таныс болған. Сондай - ақ, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев, отбасылық досы Рымбала Омарбекова  және Балапан Зипатоллаұлының жұбайы-Бота Әбенова құттықтау сөз сөйледі.

Турнир қатысушылары атап өткендей, мұндай жарыстар жас футболшылар үшін, әсіресе ауылдық жерлерден келген футболшылар үшін өте қажет әрі маңызды. Біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен, грамоталармен, сондай-ақ демеушілер мен Балапан Әбеновтің туыстары атынан ақшалай сыйлықтармен марапатталады.